Technation жобасында 9 стартап үздік атанды

Technation жобасында 9 стартап үздік атанды
Фото: tnation.co

Қазақстан Республикасының Инвестициялар мен даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылған Technation жобасының кезекті іріктеу кезеңі аяқталды. Жобаға қатысушы тоғыз стартап үздік деп табылып, келесі кезеңге жіберілді.

Айта кетсек, аталған бағдарлама елімізде инновациялық технологияны дамыту мақсатында ұйымдастырылған. Жалпы бағдарламаға қатысуға әлемнің 16 елінен 345 стартап келіп түскен. Оның ішінен 40 жоба сараланып, негізгі кезеңде тоғыз үміткер үздік деп танылып отыр.

Байқауға көбіне отандық стартап жобалар қатысқан. Нақтылап өтсек, елімізден 262 стартап қатысса (76%), Украинадан 46 (13%), Ресейден 14 (4%) үміткер ұсыныс білдірген. Одан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Белоруссия, Словения, Абхазия, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Испания, Оңтүстік Корея, Тайланд және Қытай елдерінен қатысушылар келген.

AlmatyTechGarden автономдық кластерлік қорының бас директоры Санжар Кеттебеков байқаудың қазылар алқасына жетекшілік етсе, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік төрағасының орынбасары Жұматай СәлімовMicrosoft компаниясының тұтынушылық стратегия және онлайн-қызмет жөніндегі бас директоры Павел ЧеркашинEye-Fi, PhoneHalo, Parrot, SplashTop жобаларының директорлар кеңесінің мүшесі Маделин Дува, «ScaaleVentures» вице-президенті Марта ЭмерсонBostonConsultingGroups серіктесі және бас директоры Кеннет Пэйн«MOHRDAVIDOWVENTURES» басқарушы серіктесі Джим Смит«HappyFarmVentures» атқарушы директоры Анна Дегтярева және «Fotki.com» жобасының ортақ құрылтайшысы Игорь Шойфот сынды кәсіпкерлер алқа құрамына кірді.

Келесі кезеңге өткен 9 жоба дамыту жұмыстарын жалғастырып, 19-20 қыркүйек аралығында өтетін ең ірі TechGardenFest фестивалінің Demo күнінде таныстырылады.

Жеңімпаз жобалар:

- BIZMO;
- Greedy;
- FastCallManager;
- Indybo;
- Mobile CRM;
- Mangust;
- AlmaSales;
- picVpic;
- Crystal;

Айта кетсек, Technation жобасын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және  AlmatyTechGarden Инновациялық кластерімен бірлесе отырып ұйымдастырған.

Ж. Өрісбай