Spacex зымыранын ұшыру сынағы сәтсіз аяқталды

Spacex зымыранын ұшыру сынағы сәтсіз аяқталды
Фото: falconnewsfeed.com

Илон Масктің Spacex зымыраны Техас штатында алғашқы сынақ кезінде жарылып кетті. «Merlin» деп аталатын заманауи қозғалтқыштың жарылуы компанияны шығынға ұшыратты деуге болады. Жарылыс кезінде ешкім зардап шекпеген, бірақ жарылыс аумағы өте үлкен әрі қауіпті болған. 

Компанияның ресми спикері Джон Тэйлор: 

«Барлық қауіпсіздік шаралары жасалды және ол сақталды. Қазіргі кезде біз барлық қателіктермен жұмыс жасап жатырмыз. Бұл жарылыс Spacex жобасының алдағы уақыттағы жоспарына ешқандай кедергі келтірмейді. Бұл алғашқы сынақ. Өзге де күн тәртібінде тұрған сынақтар орындалады». 

Илон Маск бастаған компания жылдың соңына дейін 3-4 сынақ жасап, зымыранды ұшыруды жоспарлап отыр. Бұл сынақтарда «Merlin» қозғалтқышының бұрынғы түрі мен Block 4 қозғалтқышы пайдаланылады. 

Жарылыс өткен жексенбі күні болған. Өкінішке орай компания бұл жайында ешқандай ақпарат бермеген. Дегенмен жарылыс туралы ақпарат бүгін белгілі болып отыр. Жөндеу жұмыстарын жасауға бір аптадан бір айға дейінгі уақыт керектігін айтады. Ең қызығы жарылыс ұшу кезінде емес, қозғалтқыш іске қосылғанша болған. Яғни қозғалтқыш ішіне кислород толы сұйықтық толып, осы кезде кислород жанып кеткен. Соның әсерінен жаралыс орын алған. 

Адамзат алдында үлкен жауапкершілік арқалап, өзінің жобасын жүзеге асырамын деген Илон Масктің жобасы жүзеге аса ма деген сұрақ адамдардың көңілінде әлі де болсын жұмбақ болып тұр. 

М. Ақан