Илон Маск ұсынатын кеңестер

Илон Маск ұсынатын кеңестер
Фото: http://begemot.media

Туа бітті талант пен көп оқитын әдеттен бөлек, адам жетілуі үшін жаңа дағды қалыптастыру керек. Ғылыми жаңалықтарда жиі кездесетін есім – Илон Маск. Маск ақпаратты тез жаттап алу үшін мынандай тәсілдерді ұсынады:

Білімді ағаш деп елестетіңіз:

Ең алдымен, өзіңізге орнатып қойған шекарадан әрі асыңыз. Илонның ойынша, адамдар өздерінің бағасын түсіріп алады.

«Білімді ағаш ретінде қабылдаңыз. Алдымен іргетасын қалайтын бөліктермен жұмыс істеңіз: олар – сабағы мен бұтақтары. Кейін, ағашыңызға көрік біту үшін жапырақтарға көшіңіз. Әр жапырақ – жаңа білім»,– деген болатын Илон Маск.

Ғылым туралы жалпы түсінік қалыптастырмай тұрып, оны тереңдетуді ойыңызға алмаңыз.

Ескіні жаңамен байланыстырыңыз:

Есте сақтаудың ең тиімді тәсілі – ескі ақпаратты жаңамен байланыстыру. Егер сіздің санаңызда жаңа ақпаратты іліп алатын қармақ болмаса, оның тұрақтап қалуы қиын. Үйреніп  жатырған салаңыздың негізі қалайтын сол – «қармақтар».

Егер тез меңгеруді қаласаңыз, істі стратегияға айналдырыңыз. Жоспарлы түрде оңайдан қиынға өтіңіз. Бірден қиынға қол созатын болсаңыз, негізі қаланбаған білім ретінде қалыптасады. Керісінше, уақытыңызды жоғалтып бастапқы сатыдан бастап, биікке көтеріліңіз. Сонда, уақытыңыз да, күшіңіз де сақталмақ.

Т. Есқали