- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Samsung Blackberry компаниясын...
Samsung Blackberry компаниясын сатып алуы мүмкін
Samsung Electronics корпорациясы канадалық смартфон өндіруші компанияны сатып алу туралы ұсыныс білдірді. Бұл туралы Reuters сараптамалық агенттігі хабарлап отыр.
Ұсыныс түскеннен кейін Blackberry-дің Wall Street биржасындағы акциялары соңғы 10 жылда болмаған бағаға көтеріліп кеткен. Соңғы нақтыланған ақпаратқа орай, компанияның құны 7,5 миллиард АҚШ долларына бағаланып отыр.
Reuters агенттігі ақпараттың ресми екенін жазады. Бұл жағдайды қаржы мамандары бақылауда ұстауда. Берілген ақпаратта Samsung канадалық компанияның әрбір акциясына 13,35-тен 15,59 АҚШ долларына дейін ұсыныс бере алатыны туралы айтылған. Дегенмен деректің нақты қайдан келгені туралы жазылмаған.
Samsung пен Blackberry компаниялары жағдайға қатысты мәлімдеме жасауға асықпай отыр. Тіпті бұл ақпарат жалған болуы да мүмкін. Себебі BlackBerry акциялары бір күнде 28%-ға өсіп кетті.
Сурет: bgr.com
Оқи отырыңыз:
Lenovo BlackBerry компаниясын сатып алмақ
Blackberry Porsche компаниясымен біріге смартфон шығарды
Samsung Wi-Fi қызметінің ең жоғары жылдамдығын ұсынады
BlackBerry: "Планшеттер 5 жылдан кейін өледі"
Samsung қызметкерлерінің жалақысы қысқарды
Ж. Өрісбай