Samsung Wi-Fi қызметінің ең жоғары жылдамдығын ұсынады

Samsung Wi-Fi қызметінің ең жоғары жылдамдығын ұсынады

Өздеріңізге белгілі, Samsung корпорациясы тек смартфондар өндірумен айналыспайды. Оңтүстіккорейлік компанияны жан-жақты технологиялар қызықтырады. Сол технологиялардың бірі Wi-Fi болып табылады.

Хабарға орай фирманың инженерлері қолда бар стандартты көрсеткішті жақсарта алған. Атап айтатындай жағдайда өзгерісті жарата алған. Нақтырақ айтсақ, ғаламторда ақпарат іздеу жылдамдығының ең жоғары көрсеткіші секундына 4,6 Гбитке жетіпті.

Қазіргі жаңадан сатылымға шыққан смартфондарда қондырылған Wi-Fi көрсеткіші бес есе аз, яғни секундына 866 Мбитті көрсетеді.

Іс жүзінде бұл нені дәлелдейді? Супер жылдамдыққа ие Wi-Fi 1 Гб жадыны алатын құжат не ақпаратты көшіріп алуға 3 секунд қана уақыт жұмсайтын болады.

Samsung өз модификациясын 802.11ad деп атаған. Компания инженерлері бұрынғыдан әлдеқайда көп 60 ГГц диапазонды қолдану арқылы осы нәтижеге жетіпті.

Аталған инновациялық жүріс телеарналардағы сапа көрсеткішінің нашарлауы секілді классикалық кемшіліктерді жоятын болады. Сондай-ақ, Wi-Fi аумағында қанша девайс болғанына қарамай, оның қызмет үлгісі жоғары жылдамдықты сақтайды.

Әзіірге, 802.11ad құрылғысы азиялық алыптың зертханаларында тестілеуден өтіп жатыр. Дегенмен компания жаңа ғаламтор қызметін алдағы бірнеше айда қолданысқа енгізетінін айтады. Ал тура осы жылдамдықпен қамтамасыз етілетін гаджеттер келесі жылдан бастап шығатын болады.

Сонымен қатар, Samsung өзі шығарған ноу-хауы смарт үйлер мен ғаламтор арқылы басқарылатын үй аппараттарын қолдануға орасан зор көмек беретінін алға тартып отыр. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: onegadget.ru

Ж. Өрісбай