Panasonic Oculus Rift аналогын шығарады

Panasonic Oculus Rift аналогын шығарады

Болашақта виртуалды шындықтың адам өмірінде маңызды орынға ие болу мүмкіндігін Голливуд фильмдерінде де көрсетуде. Расында адам өмірін онлайн платформаға ауыстыру ақылға сыймайды. Дегенмен біздің ғаламдық қоғам осыған жақындап келеді.

Қазіргі кезде сатылымда бар Oculus Rift, Sony Project Morpheus және Samsung Gear VR виртуалды шындық гарнитураларына жаңа бәсекелес табылды.  Жапонияның тұрмыстық техника және электронды тауарлар өндіретін Panasonic компаниясы енді өзінің виртуалды көзілдігірін шығаруды ұйғарыпты.

Әзірге жапондық құрастырушыларда девайстың прототипі ғана бар. Белгілі корпорация мамандары өз гарнитурасын жабық түрде өтетін Wonder Japan Solutions іс-шарасында таныстырған. Өкінішке орай, жаңа гаджеттің нақты атауы жоқ. Оған бренд атын қою кейінге қалдырылыпты.

Жоба жетекшілері виртуалды әлемнің шынайы болатынына сеніммен қарап отыр. Себебі Oculus Rift-тің жапондық аналогы тұтынушының әрбір қимылын ескереді екен. Гаджет секундына 75 кадр алу жиілігіне ие OLED типті экранмен жабдықталған. Басқа де техникалық мінездемесі әзірге айтылмады.

Айта кеткен жөн, Panasonic өнімі жаппай құрастыруға көшкен жоқ. Ол өзінің ең бастапқы кезеңінде тұр. Сондықтан компания басшылары жаңа гарнитураның техникалық мінездемесі туралы айтуға асықпай отыр. Одан бөлек, оның шығу уақыты туралы ақпарат та берілмеді. Себебі гарнитура толық дайын болғанға дейін бірнеше даму үдерісінен өтуге тиіс.

Сурет: samsunggalaxysforums.com

Оқи отырыңыз: 

CES 2015. Виртуалды көзілдіріктің әмбебап үлгісі

Адамзат он жылдан кейін Facebook құрған виртуалды әлемде өмір сүретін болады

Марк Цукерберг: "Oculus Rift болашақта компьютердің орнына қолданылатын болады"

Әлемдегі ең алып компаниялар өз жұмысын қалай бастаған?

Ж. Өрісбай