Microsoft компаниясы соңғы бес жылдағы ең ауқымды жобасын таныстырды. Бұл Project HoloLens атауына ие қолданбалы голографиялық компьютер. Күрделі құрылымды аппарат көлеңкелі дисплеймен жабдықталған және голограммаларды көрумен қоса есітуге де мүмкіндік береді.
Бұл әзірге негізгі өнімнің прототибі ғана. Аппарат белгілі инженер Алекс Кипманның жетекшілігімен Microsoft Studio зерттеу орталығында соңғы бес жыл бойы дамытылған. Прототип Google Glass көзілдірігінен үлкен, бірақ Oculus Rift-тен кіші көлемге ие.
Ендеше Microsoft басшылығы Project HoloLens жобасын көктемнің басында құрастырушыларға тапсыратын болады. Бұл туралы толық ақпарат ақпан айында белгілі болмақ.
Көзілдірік электр энергиясын өте аз жұмсайды. Оның виртуалды камерасы 120 градус бұрышқа дейін ауқымды алады екен. Мұндай кеңістік адам қолымен көрсеткен ым-ишараларды толық қамтиды. Сонымен қатар, жаңа өнім голографиялық суреттерді көрсететін, әзірге әлемде аналогы жоқ GPU процессоры негізінде жұмыс істейді.
Microsoft инженерлерінің айтуынша, HoloLens жұмыс барысында қолданушының басын қызыдырып жібермейді. Себебі құрылғының ыстық ауа шығаратын желдеткіші көзілдіріктің сыртқы жағына қаратылған. Корпустың оң жағында дыбыс реттеуші және голограммалардың айқындығын бақылайтын батырмалар орналасқан.
Project HoloLens жобасының ең басты жетістігі голографиялық суреттердің шындыққа жақын болуы. Оған қоршаған ортаның жарығы да ықпал етеді.
HoloLens көзілдірігінің мүмкіндіктерін төмендегі видеодан көре аласыздар:
Сурет: www.gadgetos.com
Оқи отырыңыз:
Toshiba жаңа смарт-көзілдірік шығарды
Intel Google Glass аналогын шығарады
Ғалымдар дәуітке әлемдегі ең кішкентай 3D-көзілдірік кигізді