Luxury Bali Style: Әсел Сәдуақасова той көйлегін көрсетті

Танымал әнші, продюсер, актриса Әсел Сәдуақасова той көйлегін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл образын өнер иесі Instagram Stories-інде бөлісті. 

"Керемет күн туды", - деп жазған ол Stories-інде. 

Өнер иесінің айтуынша, той Бали стилінде өтеді. 

Еске салайық, 13 маусымда "Поток" жобасының негізін қалаушы Мағжан Тілеухан мен танымал әнші, актриса әрі продюсер Әсел Сәдуақасова шаңырақ көтергенін хабарлаған едік. 

Кейін өнер иесінің мәһрге не сұрағаны белгілі болды. Ал жақында ол қызойнақ пен сырға салу рәсімінен естелік видеоларды бөлісті. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!