Ташкентте 25 қарашада Jah Khalib лақапатымен танымал қазақстандық рэпер Бақтияр Мамедовтың концертінің алдында шу шыққан еді. Әлеуметтік желілерде "Хумо Арена" спорт кешенінің кіреберісінде түсірілген видеолар тарады. Тіпті адам шығыны болғаны туралы да ақпарат тараған еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап.
Өзбекстанның Ұлттық ұланы концерттің алдында болған дүрбелең мен тәртіпсіздіктерге қатысты пікір білдірді. Құқық қорғау органдары өкілдері адамдар қысылып қалып және пышақ жарақатынан қаза тапқаны туралы ақпарат қауесет екенін мәлімдеді.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәліметінше, барлық адам билеттерімен кіргеннен кейін, тағы 10 мың адамның электрон билеттері бар болып шыққан. Ал бұл билеттер ішкі кіргендердің билеттерінің көшірмесі болған. Осылайша, олар көшірме билеттермен ішке кіргізілмепті. Бұл жиналғандардың наразылығын тудырған.
Қазір бұл дерекке қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Ташкентте 25 қарашада Jah Khalib лақапатымен танымал қазақстандық рэпер Бақтияр Мамедовтың концертінің алдында шу шыққаны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!