CҚО-да балабақша тәрбиешілері қаза тапқан жол апаты: тағы бір адам көз жұмды

Астана - Петропавл тасжолындағы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқанар саны төрт адамға жетті. 20 қазанда ауруханада 57 жастағы балабақша тәрбиешісі көз жұмды. Тайынша аудандық ауруханасының дәрігерлері оның өмірін сақтап қалу үшін барын салғанымен, марқұмның жарақаттары тым ауыр болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Qazaqstan Media басылымына сілтеме жасап.

Хирургтер Audi көлігінде болған 57 жастағы жолаушының өмірін сақтап қалу үшін күрескен. Дәрігерлер әйелге алты сағатқа созылған күрделі ота жасап, кейін оны өкпені жасанды желдету аппаратына қосқан. Алайда медицина қызметкерлерінің бар күш-жігеріне қарамастан, әйел көз жұмған.

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы жантүршігерлік жол апатынан балабақша меңгерушісі мен екі тәрбиеші қаза тапқаны хабарланды.

Жол апаты 15 қазанда таңертең Тайынша ауданындағы Кременчуг ауылы маңында болған. Екі жеңіл көлік, жол талғамайтын көлік және екі КамАЗ соқтығысқан.

Сонымен қатар, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы Жамбыл ауданының білім беру саласының қызметкерлері - балабақша меңгерушісі мен екі тәрбиеші қаза тапқанын хабарлады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!