CҚО-да жол апатынан балабақша меңгерушісі мен тәрбиешілер қаза тапты

CҚО-да жол апатынан балабақша меңгерушісі мен тәрбиешілер қаза тапты
Фото: Видео кадры

Солтүстік Қазақстан облысындағы жантүршігерлік жол апатынан білім беру саласының қызметкерлері, яғни балабақша меңгерушісі мен екі тәрбиеші қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жол апаты 15 қазанда таңертең Тайынша ауданындағы Кременчуг ауылы маңында болған. Екі жеңіл көлік, жол талғамайтын көлік және екі КамАЗ соқтығысқан. Audi көлігіне қатты зақым келген: ол КамАЗ-дың астына кіріп кетіп, екінші жүк көлігінің соққысынан мүлдем жарамсыз болып қалған.

Полиция соталды тергеу жүргізіп жатыр.

"Жол апаты Көкшетау-Петропавл тасжолының 371-шақырымында болды. Салдарынан жеңіл көліктің үш жолаушысы алған жарақатынан қайтыс болды", - деді Тайынша аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәурен Ибраев.

Оқиға салдарынан 48, 54 және 57 жастағы үш әйел көз жұмған. 20 жастағы жүргізуші мен 1972 жылы туған тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды. Науқастар дәрігерлердің бақылауында екені және барлық көмек көрсетіліп жатқаны айтылды.

Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы Жамбыл ауданының білім беру саласының қызметкерлері - балабақша меңгерушісі мен екі тәрбиеші қаза тапқанын хабарлады.

"Қолда бар мәлімет бойынша сапар жеке мақсатта болған. Марқұмдардың жақындары мен туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз", - деді ведомство өкілдері.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget