- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 80 мың теңгеге...
80 мың теңгеге өмір сүруге бола ма? Қаржы министрі Жамаубаев жауап берді
Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда 80 мың теңгеге өмір сүруге бола ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет кулуарында журналистер Ерұлан Жамаубаевтан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың Қазақстанда 80 мың теңгеге өмір сүруге болады деген мәлімдемесіне пікір білдіруді сұрады.
"Пікір білдіру қиын. Мұндай мүмкіндік туындаса, шығындар болса, халықты қолдауға дайынбыз. Бірақ мәселе жалақыда емес, қазір инфляция деңгейімен күресуіміз керек", - деді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.
Шенеунік бюджеттегі әлеуметтік шығындар 40 пайыздан асатынын, оның ішінде жалпы республикалық бюджеттің 95 пайызы тікелей шығын, яғни жалақы, зейнетақы және жәрдемақы екенін айтты.
Айта кетейік, Қазақстандағы ең төменгі жалақы жыл басынан бері 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін өсті. Өсім екі миллионға жуық қазақстандыққа әсер етті. Келесі өсім 2025 жылы болады деп күтіліп отыр.
Еске салайық, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Қазақстанда 85 мың теңге жалақымен өмір сүруге болатынын айтқаны хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова