85 мың теңге жалақымен өмір сүруге болады - вице-министр Олжас Ордабаев

85 мың теңге жалақымен өмір сүруге болады - вице-министр Олжас Ордабаев
Фото: gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Қазақстанда 85 мың теңге жалақымен өмір сүруге болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"85 мың теңгеге, әрине, өмір сүруге болады. Бірақ әр салада еңбекақының мөлшері өсуі керек. Біз қазір осы әдіспен айналысып жатырмыз", - дейді Олжас Ордабаев журналистермен кездесулердің бірінде.

Кадр сыртындағы журналист "Сонда вице-министр 85 мың теңгеге өмір сүре алады ғой? Сізге жетеді ғой?" деп нақтылады. 

"Бұл жеке сұрақ болып тұр ғой. Бұл бойынша жұмыстар 2022 жылы басталды. Жыл сайын жалақы 20 пайызға көтеріліп жатыр. Сонымен қатар, жаңа методиканы осы жылы бастадық", - дейді Ордабаев. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty | Алматы | Криспи | Krispi (@almaty_kris_p)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина