"5 миллионға есік, 24 миллионға сағат". Қазақстандық блогер зәулім үйін көрсетті

"5 миллионға есік, 24 миллионға сағат". Қазақстандық блогер зәулім үйін көрсетті

Қазақстандық блогер Ерболат Жанабылов зәулім үйін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер 15 минуттық видео түсіріп, үйін көрсетті. Ерболаттың сөзінше, екіқабатты үй шамамен 370-380 шаршы метр. Бұған дейін зәулім үйде адамдар тұрған. Артынша блогер үйді сатып алып, жөндеу жұмыстарын жасаған. 

Шетелде үйі бар қазақстандық жұлдыздар

Ерболат алдымен үйінің сыртын көрсетті. Екі көлік сиятын гараж, балаларға арналған ойын алаңы мен 12 миллион теңгенің моншасы бар. 

"Ал үйдегі есіктердің өзі 5 миллиондай болды", - дейді блогер. 

Ескерту: видеода былапыт сөздер бар. 

Сондай-ақ блогер әйелімен бірге сатып алған қымбат сағаттарын көрсетті. Оның сөзінше, өзіне сағатты 12 миллионға, ал әйеліне 24 миллионға сатып алған. 

Одан бөлек, киімдер жинайтын гардеробты көрсетті. Ерболаттың сөзінше, әйелінің бір сөмкесінің орташа бағасы 1 миллион теңге. 

"Балиде де пәтері бар". Танымал қазақстандықтардың үйі қандай?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина