- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 4 миллиард теңгеден...
4 миллиард теңгеден аса қаражат негізсіз жұмсала жаздаған - Антикор
Жемқорлыққа қарсы еріктілер 4 миллиард теңгеден аса қаражаттың негізсіз жұмсалуының алдын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Сарқұлов белсенді және бей-жай қарамайтын азаматтар мемлекетіміздің дамуындағы маңызды факторға айналып жатқанын мәлімдеді.
"Бүгінде еріктілер қатарына 3 мыңға жуық адам кірді. Олардың жұмысының арқасында 4 миллиард теңгеден аса сомаға тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде бағаны көтерудің алдын алды", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Бас прокуратура заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтарып жатқаны хабарланды.
Премьер-министрдің төрағалығымен өткен арнайы комиссия соңғы отырысының қорытындысы бойынша 24 миллиард теңгенің активтері мемлекетке қайтарылған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова