24 миллиард теңгенің активтері мемлекетке қайтарылған

24 миллиард теңгенің активтері мемлекетке қайтарылған
Фото: depositphotos.com

Бас прокуратура заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтарып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен арнайы комиссия соңғы отырысының қорытындысы бойынша 24 миллиард теңгенің активтері мемлекетке қайтарылған.

Активтерді қайтару жөніндегі комитет арнайы мемлекеттік қорды 2,2 миллиард теңгеге толықтырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұл қаражат елдегі су тасқынының салдарын жоюға бағытталған.

Сонымен қатар, келешекте өндірілетін қаражат та зардап шеккен өңірлердің әлеуметтік жобаларына бағытталатыны хабарланды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова