- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "4 әйелдің анализі...
"4 әйелдің анализі шықты". Журналист бельгиялық Жәнібекке қатысты жаңа дерек айтты
Танымал журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желіде бельгиялық Жәнібекке қатысты жаңа дерек айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, 4 әйел қан тапсырған.
"Қадір түні алдында сүйінші жаңалық бола ма деп күтіп едік.. Тағы төрт әйелдің анализі 0 пайыз шықты… Тастанды сәбилерді қуыршақтар ауыстырғандай, ізін таппайтындай еткен ғой, Арқалық роддомы мен детдомы. Бірақ біз беріспейміз, қуанатын кез алда, Жани. Жауаптыларға тықыр әбден таяды", - деді ол.
Жәнібек анасын іздеу жұмыстарына көмектескен жандарға алғыс айтты.
"Қымбат апай, менің анамды табу үшін істеп жатқан жұмысыңызға мың алғыс!" - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев әлеуметтік желідегі парақшасында асырап алған анасын көрсеткен еді. Оның есімі - Валери.
"Құрметті әкелер, аналар, аға-әпкелер! Бұл - мені асырап алған анам Валери. Ол Испанияға Бельгиядан мағае қонаққа келді. Валери мені асырап алу үшін 2004 жылы Қазақстанның Арқалық қаласына келген", - деп жазды Жәнібек.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова