2020 жылы мұғалімдердің жалақысы 25%-ке көбейетін болды

2020 жылы мұғалімдердің жалақысы 25%-ке көбейетін болды
Фото: massaget.kz

Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы 25%-ке артады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына арналған жолдауында мәлімдеді.

"Мен тамыз конференциясында мұғалімдердің жалақысын төрт жылға екі есе көбейтуді тапсырдым. Бұл келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25% -ға артады деген сөз", - деді президент.

"Ұстаздардың жалақысын екі есе арттыруды тапсырамын". Тоқаевтың Тамыз конференциясындағы мәлімдемелері

Айта кетейік, мемлекет басшысы тамыз конференциясында үкіметке төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есе өсіруді тапсырған болатын.

"Бүгінде мұғалімдердің жалақысы ең төмен деңгейде қалып отыр және экономика бойынша орташа жалақының 65 % ғана құрайды. Мұнымен, әрине, біз келіспейміз. Сондықтан үкіметке білім саласына білікті мамандарды тарту үшін және мұғалім мәртебесін көтеру үшін жалақыны төрт жыл ішінде екі есеге көбейтуді тапсырамын", - деген болатын.

Massaget