- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 1,5 сағат жансақтауда...
1,5 сағат жансақтауда жатқан: Талдықорғанда қызға кеңсе пышағымен шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Фото:
instagram.com/dinatansari
Талдықорған полицейлері қызға кеңсе пышағымен шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жәбірленушінің 35 жастағы танысы полицияға жеткізілді.
Тергеуші істі ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша қайта қарады. Тергеуді облыстық Полиция департаменті ерекше бақылауға алды.
Еске салайық, бұған дейін Талдықорғанда ер адам бұрынғы сүйіктісінің мойнын пышақпен кесіп тастағаны хабарланды. Алайда күдікті тек 2 күн қамауда отырған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова