Ғылым және жоғары білім министрлігі биыл қай мамандықтарға түлектер арасында талас жоғары болғанын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл 94 мың талапкер грант конкурсына құжат тапсырған. Министрлік мәліметіше, ең үлкен конкурс "Стоматология" білім беру бағдарламалары тобы бойынша болған. Бұл мамандыққа 22 талапкер бір орынға таласқан. Ал одан кейін "Халықаралық қатынастар және дипломатия" мамандығы тұр. Бұл мамандыққа 14 адам бір орынға таласқан.
Сондай-ақ, "Құқық" (11 адам), "Музыка мұғалімдерін даярлау", "Денешынықтыру мұғалімдерін даярлау" және "Психология" (10 адамнан) мамандықтары бойынша да жоғары бәсекелестік болған.
Айта кетейік, ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев ҰБТ қорытындысы туралы айтқан еді. Оның сөзінше, 18 мамыр мен 5 шілде аралығында барлығы 304 мың түлек тестілеуге өтініш білдірді. Солардың 76 пайызы қазақша тест тапсырды. 79 пайыз шекті балл алды. Былтырғы жылмен салыстырғанда шамамен 10 пайызға өсті. Сонымен қатар, биыл ҰБТ орташа балы - 70, бұл былтырғы көрсеткіштен 3 балл жоғары.
Құжатты қайда тапсыру керек? Биыл ең көп грант бөлінген мамандықтар айтылды
Еске салайық, бұған дейін биылғы білім гранттарының нәтижесі қашан жарияланатыны белгілі болғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, 2023 жылғы грант нәтижесі жарияланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз