Алматыдағы хостелдердің бірінен өрт шығып, 13 адам қаза тапты, 3 адам ауруханаға түсті. Хостел әкімшілігі өртке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әкімшілікте барлық ақпарат бар. Кім тұрды, қайда тұрды. Мұнда студенттер мен жастар тұрды. 25 жасқа дейінгілер тұрды. 0-қабатта тоққа қатысты мәселелер болған", - деді ол.
Алматыда 13 адам қаза тапқан хостел маңында не болып жатыр?
Еске салайық, бүгін Алматыда хостелде өрт шығып, 13 адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түскені белгілі болды. Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев пен Алматы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев өртке қатысты пікір білдірді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!