Астанада жасы 100-ден асқан 21 қария тұрады

Ұлттық статистика бюросы елордадағы халық санына қатысты мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1 маусымдағы жағдай бойынша қаладағы халық саны 1 464 415 адамға жеткен. Оның 696 234-і - ерлер, 768 181-і - әйелдер.

2023 жылы Астанада өмір сүру ұзақтығы 78,09 жас болған. Бұл көрсеткіш ерлер арасында 74,23 жас, әйелдерде 81,28 жас.

2023 жылы алғаш рет некеге тұрған ерлер мен әйелдердің орташа жасы ерлер үшін 28,2 жас, әйелдер үшін 26,4 жас болды.

2024 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы туу коэффициенті - 1000 адамға 19,50.

Сонымен қатар, елордада 100 жастан асқан 21 адам тұрады, оның ішінде 15-і әйел мен алтауы - ер адам.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда Астана атты 24 адам бары хабарланды. Оның 17-сі ерлер болса, жетеуі - әйел адам. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!