Елімізде Астана есімді қанша адам бар, олардың жасы қаншада және қай қалаларда тұрады? Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына ресми сауал жолдады.
Қазақстанда Астана атты 24 адам бар. Оның 17-сі ерлер болса, жетеуі - әйел адам.
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, олар Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарында және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында тұрады.
"Қазақстанда 0-14 жас аралығындағы 8, 15-19 жас аралығындағы 3, 20-24 жас аралығындағы 2, 25-29 жас аралығындағы 3, 30-34 жас аралығындағы 1, 35-39 жас аралығындағы 1, 45-49 жас аралығындағы 3, 60-64 жас аралығындағы 1, 65-69 жас аралығындағы 1, 80-84 жас аралығындағы 1 Астана бар", - деп жазылған ресми сауалға жауапта.
Бюро мәліметінше, Қазақстанда "Елорда" есімді адамдар жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда Астана есімді 24 адам тұратыны хабарланды. Былтыр елде осы есіммен 26 адам тіркелген, олардың 9-ы 1998 жылға дейін дүниеге келген.
Сонымен қатар, Астананың символы, басты көрікті жері - "Бәйтерек". Елімізде осындай есімі бар 40 қазақстандық тұрады. "Бәйтерек" деген қазақша транскрипциямен 31 қазақстандық тіркелген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!