Марк Цукерберг отау құрды

Марк Цукерберг отау құрды

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаған Марк Цукерберг жақын досы Присцилла Чанмен отау көтерді (Priscilla Chan). Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Агенттіктің айтуынша, үйлену салтанаты кеше, яғни 19 мамыр күні өткен. 

27 жасар Присцилла өткен дүйсенбі күні Калифорния университетінің медицина факультетін бітірген. Дәл осы күні Марк 28 жасқа толды. Екі жас Цукерберг білім алған Гарвард университетінде танысқан. 9 жыл бойы кездесіп, көңіл жарастырған олар ақыры шаңырақ құрып отыр. Салтанатты жиынға ұзын саны 100 адам қатысыпты.

в

Марк Цукерберг пен Присцилла Чан

Facebook әлеуметтік желісі 2004 жылдың 4 ақпан айында дүниеге келді. Алғашында Гарвард университеті студенттері үшін жасалған сайт қазіргі таңда әлем бойынша танымалдылыққа ие болып, 845 миллион адамға қызмет етіп отыр.

Түркия, Чили секілді мемлекеттерде Facebook барлық интернет тұтынушыларының 80 пайызын өз астында жинап отыр. Ал көрші Ресейде бұл көрсеткіш 15 пайыз шамасын құрайды.

сурет: aif.ru, novostey.com