- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Қарлығаш Еженова: "Балалық...
Қарлығаш Еженова: "Балалық шағым ауылда өтті..."
"Эксклюзив" ЖШС баспа үйінің директоры, журналистика саласы бойынша ҚР президенті Н.Ә. Назарбаев сыйлығының және Қазақстан журналистика одағының лауреаты Қарлығаш Еженовамен сұхбат.
- Өзіңіздің балалық шағыңыз, қайда оқығаныңыз, туып-өскен жеріңіз жайлы айтып берсеңіз.
- Мен бұрынғы Талдықорған облысы, Сарқан ауданы, Покатиловка ауылындағы орта мектепті бітірдім. Покатиловка – барлық тапшы дүниелермен қамтамасыздандырылған үлкен де бай ауыл болатын. Қалада жоқ итальян туфлилерін немесе Цебо (Цебо – чехословакиялық аяқ-киімдер фабрикасы) етіктерін біздің ауыл дүкендерінде табуға болатын. Ауылда 3 кітапхана, клуб, оған қоса мектепте керемет білімді оқытушылар болған. 1987 жылы мектеп бітірген соң, КазГУ (қазіргі КазНУ) университетінің журналистика факультетіне оқуға түскім келген, бірақ өкінішке орай бал жетіспеушілігіне байланысты оқуға түсе алмай қалдым. Ол уақытта журналистика факультетіне қабылдану оқушыларға оңайға соқпайтын. Журналистика мамандығы элиталы болып есептелетіндіктен, ол жерге тек дарындылар ғана емес, артында тірегі барлар да қабылданатын. Ақырында, балым жетпеген соң, кітап қоймасында жұмыс істеуге тура келді. Жұмыспен қатар машина басу курсына барып жүрдім. Өзімнің жұмыс қызметімді апталық "Горизонт-Өркен" жастар газетінде журналист ретінде бастадым. Ол уақыттарда бұл газет ең танымал басылым болып есептелетін және мен онда 1991 жылға дейін қызмет атқардым. 1993–1997 жылдар аралығы «Понарама» газетінде жұмыс істедім. 1997 жылы Алматы әкімдігіне баспасөз-хатшысы болып ауыстым, бірақ бұл қызметте ұзақ тұрақтаған жоқпын және сол жылы Астана қаласында стратегиялық жоспарлау агенттігінде жұмыс істедім. Кейінірек Golden eagle partners компаниясының PR-департаментіне жетекші болып ауыстым. Содан соң Kazakh gateway компаниясында қызмет атқардым. 2001 жылы EastPoint компаниясын құрдым. Бұл қоғаммен байланыс агенттігі, ал 2002 жылы «Exclusive» журналының бірінші нөмірін шығардық.
- «Горизонтта» өткізген бірінші жұмыс күніңіз жайлы алғаш алған сөгіс не алғысыңыз жайлы әңгімелей аласыз ба?
-«Горизонт-Өркенде» өткізген жылдарым ең қызықты болған, өйткені сол жылдары осы газет таза ауаның самалындай болды, біз өзімізді белгілі басылым ретінде санадық. Маған әр нөмірде бірсыпыра жолдарды жазуға беретін және бұл мен үшін аса зор сенімділіктің белгісі болатын, шынымды айтсам, өз табыстарыма мақтананушы едім. Бірінші күннен бастап, жұмыс ұжымы маған жылы көзбен қарады және өз ісінің мамандарымен жұмыс істегеніме өте қуаныштымын. Білесіз бе, ондай асқан сөгіс те болған жоқ тек мәпелеу ғана болды.
- Сіздің басыңыздан қиын сәттер өтті ме? Өтсе, ауыртпалықты қалай көтердіңіз?
- Әрине, Кеңес Одағының ыдырауы кезінде абыржу болды. Күн көруге ақша жетпегені түсінікті әрине, дегенмен бәріміз бір деңгейде болдық. Бәрімізде бірдей проблемалар болды...бәріміз бірдей кедей болдық. Және сол ғана, барлығымыздың тең болғанымыз, менің көңілімді жұбатты.
- Бүгінгі жастар қалай даму керек? Қандай ақыл айтар едіңіз?
- Ең алдымен өте көп еңбек ету керек. Мен жаңалық ашпаймын, біріншіден классика жанрдағы кітаптарды көп оқу керек. Өкінішке орай, кино да, интернет те ойлау қабілетін дамыта алмайды. Мәселен, кино бізге даяр суретті береді, сенің түк ойлануың қажет емес және кино кітаптағыдай оқиғаны өзінше қабылдау мүмкіндігін бермейді. Интернетке келсек, ол одан асады... Интернет қанша пайда берсе, сонша сіздің жаныңызды, сіздің энергияңызды, сіздің ойлау қабілетініңізді жояды. Ең бастысы адамға жан-жақты өте, өте, өте көп еңбектену керек деп ойлаймын: физикалық, жан дүниесімен, кәсіби және т.б.
- Сіздің ауыл жастарына айтар тілегіңіз?
- Білесіз бе, әлі күнге дейін менің туысқандарым Покатиловкада тұрады. Олар бар күш-қуатымен қалаға көшуді ұмтылуда.
Негізі мен, Қазақстанның басты бәсекеге қабілетті секторын оның территориясы, оның ауылы, оның агросекторы деп есептеймін. Қазақстанның барлық салада нанотехнологиямен айналысуы қажет емес, бар болғаны нанотехнологияны ауыл шаруашылығында қолданғаны жеткілікті. Егер де Қазақстан елді арзан, сапалы, экологиялық таза азықпен қамтамасыз ете алса... Қазақстан өзінің барлық күш-қуатын: әкімшілік, ғылыми, моральдық, материалдық күшін агроөнеркәсібіне жұмсаса, бірден қаншама мәселені шешетінімізді білесіз бе? Атап айтқанда, ол урбанизация, люмпенизация, т.б.
Сондықтан менің жастарға берер кеңесім, әсіресе ауыл жастарына, өздеріңізді екінші сортты деңгейде сезінетін жерлерге бармай-ақ қойыңыздар. Туып-өскен жерлеріңізде қалыңыздар, үй салып, еңбектеніңіздер. Қалада білім алып, ауылға оралыңыздар, ауылды көтеріңіздер. Ертеңгі күні базарда арба итеру үшін қалаға келмей-ақ қойыңыздар.
- Балаға білім берер ата-анада қаражат болмаса, не істеген жөн? Өз пікіріңізбен бөліссеңіз.
- Менің ойымша, адам өзі білім алуы керек, кітап оқысын, жұмыс істесін. Меніңше, адам оқып, білім алып, жұмыс істеуі үшін оны қиын жағдайға қойған дұрыс. Ал қолынан түк келмейтін (оқи да, жаза да, жұмыс та істей алмайтын) азаматтарға қандай кеңес беруді де білмеймін.
- Журналистика саласына қалай келдіңіз?
- Бірде газеттен республикалық шығармалар жарысының жарияланғанын оқыдым және соған өзімнің әңгімелерімді жібердім. Бір айдан соң маған хат келді, хатта шығармаларымның оларға ұнағаны, менімен кездескілері келетіні жайлы жазылған. Содан мен, 9-сынып оқушысы, Алматыға жол тарттым. Журналистикаға келуімнің алғашқы қадамдары осылай басталған болатын.
- Өзіңізді жетістікке жеткен азаматпын деп есептейсіз бе?
- Жоқ, себебі ондай үлкен жетістік көріп тұрған жоқпын, дегенмен өзімді ел қатарлы адаммын дей аламын. Меніңше, ел қатарлы болу толықтай дерлік бақыт.
- Ал өмірде сізге не жетіспейді?
- Сауаттылық жетіспейді.
- Айтыңызшы, қазіргі жастар интернетті қалай пайдалану керек?
- Оны білмедім, өйткені өзім де нашар «интернетчикпін», бірақ 18 жасымда қазіргі интернет беріп жатқан мүмкіндіктер болғанда... Мен қашықтықтан білім алудан бастап, интернеттегі зор қорларды қолдана отырып, жұмыс істеумен аяқтар едім. Интернет арқылы сен көптеген нәрсені үйрене аласың, үйден шықпай, кез-келген нәрсенің маманы бола аласың.
- Бүгінде нені армандайсыз?
- Болжалдылықты қалар едім. Меніңше, бұл бәрімізге де жетпей жүрген нәрсе, себебі қазір мүлдем алдын ала болжауға келмейтін заманда өмір сүрудеміз.
Интервью на русском языке читайте здесь
Ж. FM