- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Анаңызды қалай жақсы...
Анаңызды қалай жақсы көресіз? (видео)
Әлеуметтік желіге әркімнің көзқарасы әртүрлі. Бірі соңғы жаңалықтардан хабардар болып, достарымен жақын сөйлесудің орны есебінде пайдаланса, енді біреулер өзінің шынайы өмірін осы жерге таңып жатады. Таңның атысынан кештің батысына дейін қолынан телефон түспейтін жандар ертелі-кеш төсекте жатып лүпілдер мен пікірлерді санап отырады. Одан қалса жаңа біреулермен жақын танысып, өзгенің желісін тамашалағанды жақсы көреді. Өмірінің көп бөлігін телефонда өткізетін адамдар тез арада еріншек, жалқау атанып, қиялымен ғана өмір сүруге көше бастайды. Сондықтан мұндай әдетке үйрене бастасаңыз, өзіңізді дереу тыйып тастағаныңыз абзал. Бұл сөзімізге дәлел ретінде мына бір тамаша бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз. Қу тірліктен қолы тимей қызынан көмек сұраған ананың жан дауысы желіде күні-түні отыратын сәбиіне тез жете қоймады. "Анамды жақсы көремін" деп сурет салып, ондағы пікірлер мен лүпілдердің артып жатқандығына шаттанып отырған сұлу аяулы адамына дер кезінде көмектеспей, анасының жүрегін жаралайды. Тағылымы мен тәрбиелік мәні зор видеоролик сізді де бей-жай қалдырмайды деп үміттенеміз.
B. ZHAQSYMBET