Өмір сүру ережелері

Өмір сүру ережелері
Фото: Jornal i - Sapo

Шығыстың белгілі ойшылы Далай Лама ұсынған өмір сүрудің 18 ережесін білесіз бе? Бұл ережелер осыдан мыңдаған жыл бұрын қалыптасқан. Ендеше, біле жүрейік.

1. Мол махаббат пен сәттіліктің нар тәуекелмен байланысты екенін естен шығармаңыз.

2. Сіз жеңілген кезде жинақталған тәжірибеден айырылып қалмайсыз.

3. Мына үш ереженің соңынан мәңгілік еріп жүріңіз:

а) өзіңді сыйла;
ә) өзгені сыйла;
б) өз істегенің үшін берілетін жауапкершіліктен қашпа.

4. Ұмытпаңыз, сіздің қалаған нәрсеңіз үнемі қажет бола бермейді.

5. Ережелерді дұрыс бұза білу үшін жаттап алу да қажет.

6. Ұсақ текетірес үлкен достықты бұзуына жол бермеңіз.

7. Қателескен болсаңыз, бірден түзету әрекетіне кірісіңіз.

8. Кейде оңаша қалып, өзіңді тыңдау қажет.

9. Өзіңізді еркін сезініңіз, бірақ ешқашан шектен шықпаңыз.

10. Есіңізден шығармаңыз, қиындыққа төтеп берген достық – ең жақсы қарым-қатынас саналады.

11. Кейде адамдығыңды сақтап қалу үшін қалаған нәрсеңнен бас тартуға тура келеді.

12. Сіз сүйетін, сізді сүйетін атмосфера – өміріңіздің негізін құрайды.

13. Пікірталас кезінде тек осы шақ туралы айтыңыз, өткенді қозғауға болмайды.

14. Біліміңізбен бөлісіңіз, бұл – өлместікке жетудің бір жолы.

15. Жер-Ананы аялаңыз, сүйіңіз.

16. Жылына бір рет аяқ баспаған жаңа жерлерге барыңыз.

17. Есіңізде болсын, кейде үнсіздіктің өзі ең дұрыс жауап.

18. Қартайғанда еске алатын естеліктер болсын десеңіз, лайықты өмір сүріңіз.

Ә. Жутаева