Ең ұлы ұстаз - уақыт

Қайран уақыт... Кейбір адамдар уақытты өміріміздің ұрысы деп есептесе, бірі уақыт - ұлы ұстаз деген пікірде. Қалай болғанда да, жер бетіндегі әркімнің тірлігі уақыт пен кеңістікке тікелей байланысты.

Осы орайда назарларыңызға планета ойшылдарының осы туралы айтқан кейбір қанатты сөздерін ұсынамыз:

Уақыт біреуге ұзақ, біреуге қысқа болып көрінуі мүмкін. Бұл оның қандай іспен, не тірлікпен толтырылғандығына байланысты. Самуил Маршак Көп адам өмір сүру үшін уақытының басым бөлігін жұмыс істеуге жұмсайды. Ал қалған бос уақытта бойындағы стресстен арылуға тырысып күн кешіп жүр. Иоганн Вольфганг Гете Уақыт бізге берілген үлкен сый. Бізді ақылдылыққа, талаптылыққа, жігерлілікке үйрететін басты ұстазымыз - осы. Томас Манн Уақыт жақсы ұстаз. Бірақ бір өкініштісі ол барлық шәкірттерін өлтірмей тынбайды. Гектор Берлиоз Уақыт біздің ойымыздан да жүйрік. Анжелика Миропольцева Дерттердің басты емшісі - уақыт. Аврелий Августин Уақыт күтпейді. Вальтер Скотт Уақыт бір орында тұрған нәрсе. Оның жанынан біз жүгіріп бара жатқандықтан ғана ол жүйіткіп бара жатқандай көрінеді. Пьер Буаст Уақыт ақша секілді нәрсе. Оны пайдасыз жойып, жоқ қылмаңыз. Сонда сізден артық уақытқа бай адам болмайды. Гастон Левис Уақыт бәрін алып кетеді. Бәрінің иесі сол. Публий Вергилий Тарих әрқашан қайталанып отырады. Фрэнсис Бэкон Күндеріміз сондай ұзақ! Жылдарымыз сондай жүйрік! Альфонс Доде Уақыттың қадірін білмейтін адам құрметке лайық емес. Люк де Клапье Вовенарг Уақытты босқа жіберіп алудан артық өкініш жоқ. Иоганн Вольфганг Гете

сурет: mirvam.org