Гетенің қанатты сөздері

Оқырмандарға 18-19 ғасырлардағы көрнекті тұлға, ұлы жазушы Иоганн Вольфганг Гетенің айтып кеткен қанатты сөздерін ұсынамыз. Гете жаңа замандағы неміс әдебиетінің негізін салушы, жаратылыстанушы, адамзат тарихындағы әйгілі ойшыл екендігін айта кетелік.

Адам болу оңай іс емес. Тек ерік-жігері мықты адам ғана адамдықтың шыңына жете алады. Даналық дегеніміз - шындық.
Болашағына сенбейтін адам өлікпен тең. Адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет - өз Отанына деген махаббат. Адам жақсылыққа өз еркімен бет бұрса ғана нәтиже шығара алады. Айналаңа деген қызығушылығың азайса, есте сақтау қабілетің де нашарлайды. Ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді. Жануарлар өздеріне тән рефлекстерінің басқаруымен өмір сүреді. Адам баласы өз тәнін өзі басқарып өмір сүруі керек. Ең жақсы мектеп - өмір мектебі. Ұлылардың өзі өзіңіз секілді қарапайым адам екенін ұмытпаңыз. Жас кезде қателесуден қорықпалық. Қайта солардан сабақ алалық. Қартайғанша қателесумен өмір өткізуден сақтасын. Ерегісіп тұрған екі адамның төрелігін айтсақ, былай болады. Сол екі адамның қайсысы ақылдырақ болса, даудың басталуының кінәсі соның монында. Өз-өзін тани алған адам ғана еркіндікке бой ұра алады. Әркім түсінгенін естиді. Ақылы тар адам өз пікірін өзгеге таңуға бейім болады. Алғашқы ілгекті дұрыс қадамаған адам, қалған ілгектерді де ретімен қадай алмайды. Адам өз ойы арқылы өз мінезін қалыптастырады. Қолдана білмесең, бойыңдағы білім құр босқа, пайдасыз шіри береді.

сурет: nnm.ru