- Негізгі бет
- Нақты ғылымдар
- Бес жылдан кейін...
Бес жылдан кейін адамдар жасанды ет жеуге көшеді
Голландияның Маастрихт университетінің мамандары шамамен 2020 жылдары қарай адамзат жасанды жолмен өсірілген мал етін жеуге көшуі мүмкін екенін айтты.
Ресми мәліметтер бойынша, мамандар синтетикалық етті өндірудің бірегей технологиясын игере алған, сондықтан бес жылдан соң адамдар дүкендерден осындай өнімдерді сатып алып, бұған көз жеткізе алады.
Авторлардың айтуынша, бұл формула әлемде аштықпен күрес жүргізу үшін алынған. Оған қоса, мамандардың есептеуінше, бұл адамдардың ет үшін кей жануарлардың санын азайтуының алдын алып, сол жануарлардың түрлерін сақтап қалуға көмектеседі.
Сондай-ақ, ғылыми қызметкерлер бірінші табысқа екі жыл бұрын жеткенін айтып отыр, яғни олар жасанды еттен гамбургер әзірлеген. Бұл ретте жасанды ет органикалық қасиеттері бойынша табиғи еттен кем түспеді. Бірақ оның бір үлкен кемшілігі бар екенін атап өту керек – бір гамбургердің бағасы 300 мыңға жуық еуроны құраған.
Дереккөз: nur.kz
С. Ерсін