Тұңғыш жасанды бұлшық ет жасалды

Тұңғыш жасанды бұлшық ет жасалды

Сингапур ұлттық университетінің инженерлері әлемдегі тұңғыш жасанды бұлшық етті жасап шықты. Бұл бұлшық ет өз салмағынан 80 есе ауыр затты көтере алады екен. Бұдан бөлек, инновациялық супер бұлшық еттер 5 есе ұзарып, өз бетінше конверсиялап және қуат көзін үнемдей алады.

Аталған өнертабыс нағыз жетістік болып шықты: қазір роботтар тек өз салмағының жартысын ғана көтереді яғни өздерін физикалық дайындығы жоқ адамдар секілді ұстауда.

Басты өнертапқыш Адриан Кохтың айтуынша, ғалымдар мұндай жетістікке электримпульс өткізгіш арнайы полимерлерді қолдануының арқасында жеткен. Әңгіме барысында алдағы жоспарларымен бөліскен Кох мырза жақын арада роботтар өз салмағынан 500 есе ауыр затты көтеретін болады деп мәлімдеді.

Жасанды бұлшық еттің полимер талшықтарын қысу мен созу синтетикалық бұлшық еттер жинақтай алатын қуаттың босатылуына әкеледі. Кох адам қолы прототипі түбегейлі дайын болған кезде, ғалымдар адам мен робот арасында білек күресінен көрнекі жарыс өткізетіндерін айтты. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: furfurmag.ru

Ж. FM