Экономика туралы қанатты сөздер

Экономика күрделі ғылым саласы көрінгенімен, әрбіріміз ол туралы титімдей болса да хабарымыз болуы тиіс. Экономика туралы барлығымыздың жанымызға жақын қанатты сөздер қатарын қабыл алыңыздар.

Экономикалық бостандық болмай өзге бостандық та болмайды.

Маргарет Тэтчер

 

Нарықтық экономикада барлық нәрсенің құны бар, бірақ ешқайсысының құндылығы жоқ.

Жак-Ив Кусто

 

Үш экономист отырған жерде бес түрлі пікір бар.

«A Dictionary of Economic Quotations»


Бір кездері экономистер: «Егер сондай ақылды болсаңыздар, неге бай емессіздер?»,– деп сұрайтын. Енді біз оларға мына сауалды тастайық: «Сіздер соншалықты ақылды емес екенсіздер. Неге соншалықты байсыздар?»

Эдгар Фидлер


Егер барлық экономисті бір жерге тұрғызсаңыз да, олар бәрібір әртүрлі қырынан көрсетеді.

Артур Мотли


Экономикада барлығы да бір-бірімен байланысты.

«A Dictionary of Economic Quotations»


Экономика салық салу қуысы арқылы тыныс алады.

Барри Брейсуэлл-Милнс


Экономикада ештеңені түсінуге болмайды, алдымен басқаларының барлығын ұғынып алу шарт.

«A Dictionary of Economic Quotations»

 

Құлдырау — көршіңіз жұмысын жоғалтуы, дағдарыс — сіз қызметіңізден айырылу.

Гарри Трумэн


Құлдырау — белбеуді буатын сәт, ал дағдарыс — белбеу түгілі шалбарың да қалмаған сәт.

Борис Панкин


Экономика экономды (үнемді) болуы тиіс.

Леонид Ильич Брежнев


Даму — адамдардың көпшілігі лайықты жалақы алып, жұмсағанынан көп табуы.

Авторы белгісіз

 

Экономикалық заңдарды білмеу жауапкершіліктен босатпайды.

Савелий Цыпин