Ғалымдар мидың жұмысын жақсартудың жолын тапты

Ғалымдар мидың жұмысын жақсартудың жолын тапты

Джеффри Вудман мен Роберт Рейнхарттың жаңа психологиялық жұмыстары мидың электростимуляциясының көмегімен адамның жаңа білім алуға  икемін арттыруға болатынын көрсетіп отыр. Элекртостимуляция бейімделу қабілетін жақсартумен қатар қателік жіберу мүмкіндігін азайтқан. Бұл ақпараттар Вандербилт университетінде жарияланды. Ғалымдар азғантай ғана электр тоғының көмегімен адамдардың қабылдау қабілетін төмендету немесе жоғарлату сияқты іс-әрекеттерді жасауға болатынын дәлелдей алды.

Мидың медиалды жоғарғы беті, мамандардың ойынша, мида болатын қысқа қателерге жауап береді. Пайда болған ауытқуларды арнайы электрлік сигнал миллисекунттардың ішінде ретке келтіреді.

Миды стимуляциялау үшін зерттеушілер екі электронды иілгіш шүберекті пайдаланған. Зерттеуде анодтан қалыпты ток — теріден, бұлшық еттен, мидан өтіп, шынжыр катод арқылы шимайласып қала беретін болған. Зертеу кезінде тәжірибеден өткен адамдардың айтуы бойынша олар бірінші алғашында жеңіл тербеліс пен дене қышуын сезінген.

Жүргізілген 20 минуттық сынақ нәтижесінде анод тоғының ықпалы мидың қателікке жауап беретін реакциясын 75 пайызға  көбейткен. Сонымен қатар, тәжірибеден кейін адамдардың әр түрлі қабілеттері көріне бастаған. Мысалы, олар аз қателік жіберіп, жіберген қателіктерін жылдам жөндеген.

Ғалымдардың айтуы бойынша, 20 минуттық стимуляция 5 сағат бойы электр ықпалын ұстап тұрады екен.

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:mindpersuasion.com

Massaget