- Негізгі бет
- Музыка
- The Spirit of...
The Spirit of Tengri фестивалі халықтық құндылықтарды дәріптейді
The Spirit of Tengri заманауи этника музыка фестивалі биыл Алматыда екінші рет өткелі отыр. Жобаның бас демеушісі Kaspi Bank жетекшілері этномузыкаға ерекше ден қою бүкіл әлем бойынша байқалып жатқан үрдіс екенін айтады.
«Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бұл фестивальге өнерпаздар өзінің ұлттық ерекшелігіне ғана қарай немесе жай музыкант ретінде емес, сонымен бірге, салт-дәстүрлерін, этносының тарихын және рухани құндылықтарын алып келеді. Мұның бәрі түрлі халықты біріктіре түседі. Біз үшін төңірегімізде өмірдің әсем де қызықты сәттерінің көп болғаны жақсы. Көңіл-күйіме байланысты әртүрлі әуен тыңдаймын. Музыка тыңдағанды жаным сүйеді. Анам – музыка пәнінің мұғалімі. Өзімді «кәсіби тыңдаушы» деп айтар едім»,- дейді «Kaspi Bank» АҚ басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе.
The Spirit of Tengri мен Kaspi Bank-ті біріктіріп отырған – ортақ құндылықтар. Аталған банктің директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Кимнің айтуынша, Kaspi Bank брендінің негізі - Тамғалы Тас шатқалындағы көне петроглиф. «Фестивальдің бірінші дискісін тыңдап отырып, бей-жай қала алмадым. Этникалық әуендер жай ғана музыка емес. Бұл - рухты аспаптардан, рухтанған шектерден, жоғары рухты ноталардан туатын музыка. Ерекше рухани ләззат сыйлайтын дана әуендер»,- дейді ол.
Kaspi Bank жетекшілері атап өткендей, әлемде өзгерістер қаншалықты көп орын алған сайын, өз тамырыңа, ұлттық құндылығыңа бір табан жақындай түсесің. Халықтың өткен тарихы мәдениетінде, әдебиетінде, музыкасында таңбаланып жатыр. The Spirit of Tengri фестивалі әр халықтың үні секілді.
Айта кетейік, The Spirit of Tengri фестивалі 7 маусым күні Алматыда басталады. Фестивальге Бурятия,Саха, Австрия, Жапония, Эквадор, Түркия және басқа да елдерден өнерпаздар қатыспақ.
Автор: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: Мейіргүл Оңғарова
М. Оңғарова