Поп орындаушылары үшін фандомның рөлі қандай?

Поп орындаушылары үшін фандомның рөлі қандай?
Фото: vulture.com

1990 жылдардан бастап музыка әлемінде өз ағынымен баяу жылжи бастаған жаңа жанрдың бірі – K-pop, нақтырақ айтсақ, "Korean pop style". Кәріс поп музыкасы жайында америкалық музыкалық журнал Rolling Stone: K-pop "батыстың трендті музыкасы мен қуатты жапон поп музыкасының қосындысы" және "тыңдаушыларды қайталана беретін (кейде ағылшын тілінде) ырғықты әуені мен сөзі арқылы еріксіз баурап алатын музыка түрі" деп баға береді. Сонымен қатар, k-pop – "стильдердің өзара үйлесімділігі, вокал мен рэп, сыртқы пішін мен би өнерін бір бағытта ұстау мүмкіндігінің айқын бейнесі" деп сипаттайды.

Кәріс поп музыкасын орындаушыларды – айдолдар ретінде таниды және олардың дебютке дейін арнайы дайындықтар мен сынықтардан өтеді. K-pop әлеміндегі басты кейіпкерлер – олардың фандомы.

Фандом тарихы:
«Фандом» термині тілімізге ағылшын тілінен енді. Бастапқыда бұл сөздің мағынасы «ғылыми фантастикаға қызығушылық танытушлар тобы» дегенді білдірсе, уақыт өте оның қолдану аясы кеңи түсті. Жанр мен бағыттарға байланысты фанаттардың өздеріне ғана тән атауы бар. Мысалы, отаку — аниме мен манганың фанаттарры, поттероман (поттериане) — Гарри Поттер  кітабы мен фильмдерінің жанкүйерлері. Қазақстанда да соңғы жылдары фандомдардың белсенділігі артып келеді. Оны музыкадағы q-pop бағытының дамуымен байланыстыруға болады. Еліміздеге ең ірі фандом – "Еagles" (91 тобының фанаттары).

BTS: фандом және жетістік.


30-жылға жуық тарихы болса да кәріс әншілерінің арасында АҚШ-ты мойындатып, адамға лық толы 90 мың орындық залда концерт берген ешкім болмаған еді. Осы уақытқа дейін... Дегенмен, биыл бұл заңдылықты бұзып, тарихтың бір парағына жаңа есім енді. Ол 2017 жылдан бері АҚШ-тың ең үздік әншілерімен бірге сахнада өнер көрсетіп жүрген – BTS тобы. Олардың осындай жетістікке қол жеткізуінің сыры талай рет интернетте талқыланып, түрлі болжамдар айтылған болатын.  

Herald Business ақпараттық агенттігі жариялаған мақалада музыка индустриясының өкілдері өздерінің бұл топпен жұмысы жайында айта отырып, олардың жетістіктерінің сырын былайша жіктеген болатын. BTS тобының «Love Maze» әнінің бірлескен авторы Юн Гитар: «Мен көбіне тыңдармандар (фанаттардың) ұсынысына құлақ түрдім. Тіпті, ғаламтордан оларға қай әндердің мәтіні көбірек ұнағанын қарадым. Олардың музыканы белсенді түрде талқылайтынын көріп, қуанып қалдым. Топтың стилі, вокалы мен би дағдылары маңызды. Дегенмен, мені тебіренткені, тыңдармандардың музыкаға дең қоятындығы – олардың мәтінді, бейнебаянды, ырғағын сараптап, пікірлерін білдіргендігі аса маңызды». Онымен қоса, ол: «Меніңше, тыңдармандардың музыкаға деген бұндай қарым-қатынасы топтың мүшелерінің музыкаға деген құштарлықтарын көрсетуден туғандай. VLive әлеуметтік желісінде олар тыңдамандармен тілдесіп, өздерінің әндерінің мәтінін, оның тарихын, қалай жазылғанымен бөліседі». Юн Гитар сөз соңында: «Меніңше, мұны әртістер агенттік айтқандықтан емес, өздеріне қызық болғандықтан жасайды. Осыны бақылай отырып: «Уау, BTS өз тыңдармандарымен атақ-даңқына қарамастан, жиі араласады», – деп таң қалдым. Менің де ойлануыма тура келді».

vulture.com

Кәріс музыка сыншысы  И Дэ Хва топ туралы айтқанда, олардың тыңдарманын ұмытпау керектігін алға тартты: «Меніңше, BTS жетістігінде олардың ARMY фандомының рөлі зор», – дейді ол. – «BTS тобының өз тыңдармандарына деген сенімі олардың фандомы ARMY-дің олардың музыкасына құштар болуына себепкер болды. Топтың дәл қазіргі жетістігі, бүгінгі бағындырған белесі оларға сенім артқан фандомының арқасында», – деп пікір білдірді.

Шынымен,  2013  жылы сахнаға шығып, ешкім мойындай қоймаған көп топтың бірі араға төрт жыл салып, Billboard Music Award музыкалық премиясында «Үздік әлеуметтік желідегі топ» жүлдесін екі жыл қатарынан алған болатын. Бұл жүлдені алуға ықпал еткен, әрине олардың фандомы ARMY. 

Поп әлеміндегі фандом рөлі қандай?
Музыкалық топтың алға жылжуы олардың тыңдармандарының қаншалықты белсенді екеніне байланысты. Тіпті, тыңдармандарының күші артқан сайын жарнаманың соншалықты мықты болу қажеттілігі туындамайды. Өйткені, музыкантты алға сүйрейтін – олардың тыңдарманы.

Фандом мүшесі үшін не керек?
• Топтың не соло орындаушының еңбегі мен оның сенімі.
• Ерекше бағыт пен тыңдарманмен қарым-қатынас.
• Тыңдарманға таңдау еркіндігін беру.
• Фансайн (кездесулер), әнжинақтардың қолжетімді бағасы және концерттер.
• Белсенділіктің азаймауы. Белсенділіктің жоғалуы олардың еңбек етуді доғарғанынан хабар береді. Ал, тек тыңдарманына сенгендер бір уақытта жанкүйерсіз қалуы ғажап емес.

Егер музыкант қажетті түрде тер төгіп, еңбек етсе, сапалы музыка мен шоулар ұйымдастыра білсе, кез келген уақытта оны қолдайтындар табылады. Атақ-даңқ келген кезде фандом мүшелерінің саны лезде артуы байқалады. Дегенмен, басынан аяғына дейін бірге баратын фанаттары табылса, ендеше соған лайықты еңбек етілді. Сіз қай фандом құрамына кіресіз?

Т. Есқали