- Негізгі бет
- Музыка
- Нотаны ойлап тапқан...
Нотаны ойлап тапқан кім?
Музыка әлемінде сіз бен біз тану керек жеті-ақ ұғым бар. Олар құбылтып дыбыс шығаратын жеті түрлі нота. Тіпті музыкадан хабары жоқ адам сізге: до-ре-ми –фа -соль -ля –си деп атап бере алады. Өйткені әр нотаны айту еш қиындық тудырмайды.
ХІ ғасырға дейін адамдар естіген музыкаларын қағазға түсіру үшін нүктеме мен сызқшаны пайдаланған. Яғни дауыс ырғағының күшіне қарай нүтке қойылып, таяқшалармен бекітілген.
Ал қазіргі нотаның шығуына, толыққанды жазуға ыңғайластырылып басылуына әсер еткен адам монах Гвидо Ареццо (991-1033жж). Нотаның «до»-дан «си»-ға дейінгі гаммалары шіркеуде айтылатын мінәжат хорының бір бөлігі. Яғни «Ut queant laxis resonare fibris, Mira gestorum famuli tuorum, Solve polluti labii reatum, Sancte Ioannes1» деп беріледі. Осы жерден керегі жоқ жұрнақтарды алып тастасақ біздің жеті нотамыз шыға келеді: ut, re, mi, fa, sol, la
М. Ақан