- Негізгі бет
- Музыка
- Мөлдір Әуелбекова Баян...
Мөлдір Әуелбекова Баян Есентаева жайлы пікірін білдірді
Әнші Мөлдір Әуелбекова экс-продюсері Баян Есентаеваға алғыстан басқа айтары жоқ екенін мәлімдеді деп хабарлайды baistars.kz. Әнші "7" арнаның "Жан сырым" бағдарламасында "Кешью" тобынан бас-аяғы үш рет кеткенін айтып, экс-продюсеріне деген көзқарасын білдірді.
"Кешью" тобына алғаш келгенімде екі жылға келісімшартқа отырдын. Бірақ ол кезде ашық-шашық киіну керек болды. Әкем бұл стиліме қатты наразы болып ренжіді. Не де болса екі жылға шыдап-бағайын дедім де, екі жыл өткен соң топтан кеткенмін" - деді Әуелбекова. Бұл оның "Кешьюден" кетуінің бірінші себебі болған. Бұдан кейін ол топқа қайта оралып, 2012 жылы тағы кетеді.
2014 жылы Мөлдірдің "Кешью" тобына қайта оралуы және топтан қайта шығуы БАҚ-та біраз талқыланды. Алайда топтан кетуіне "Ұшақпен ұшуға болмайтыны" емес, оның жеке әнші ретінде қалыптасып үлгергені, топпен жұмыс істеуден шығып қалғаны себеп болған. Дегенмен Мөлдір экс-продюсеріне деген өкпе-реніші бар екенін жасырмады. Бірақ бұл тек өзінің жеке мәселесі екенін айтты. "Адамдар бірінші жақсылықты емес, жамандықты іздеп тұрады ғой. Мен ол кісіні ешқашан жаман деген жоқпын, жамандамаймын да. Егер менің ренішім болса да, бұл менің ренішім, өзіммен арпалысым. Мұның ешкімге қатысы жоқ. Менің осы күнге дейін айтып жүргенім тек қана алғыс. Мойындаймын, маған көп нәрсе үйретті, өзі де үйренді. Жоғары деңгейде үйретті. Топтан кеткен соң, мені көптеген продюсер өзіне шақырды. Бірақ мен ешкіммен жұмыс істегім келмейді. Баяннан мықты продюсер жоқ. Болмайды да!" - деді Мөлдір Әуелбекова.
Н. Үсенова