Мөлдір Әуелбекова ұзатылды

Мөлдір Әуелбекова ұзатылды
Фото: инстаграм

Танымал отандық әнші Мөлдір Әуелбекова 4 желтоқсан күні ұзатылды. Бұл туралы жұлдыз өз парақшасында жариялап, қуанышты хабарымен жанкүйерлерімен бөлісті.

“Кеше сырға салынып, ұзатылдым. Енді бүгін беташар болды. Барша дүйім xалық болып қуанышыма ортақ екендеріңізді білемін. Тамаша тілектеріңізге, жылы лебіздеріңізге, құттықтауларыңызға үлкен алғыс! Жақсы көремін ғой сіздерді”, – деп жазған әнші өз парақшасында.

молдир1

Әуелбекова ұзатылу мен сырға салу сәтінен біраз фотоларымен де бөліскен.

молдир2

молдир3

С. Ерсін