9 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында сағат 19:00-де Máńgilik El Daýysy тұңғыш ұлттық музыка шоуы өтеді. Қазақстандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасова қазақстандықтарды осы музыкалық шараны тамашалауға шақырды.
"Құрметті достар, менің репертуарымдағы көптеген әнді 9 қараша күні, Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық концерт залында бірге шырқайық. Келіңіздер. Барлықтарыңызды асыға күтемін", - деді видеошақыруды "Сүйген жүрек" әнімен бастаған Мәдина Сәдуақасова.
Айта кетейік, Máńgilik El Daýysy жобасы барысында тыңдармандар қазақ эстрадасының әншілерімен бірге сүйікті әндерін шырқай алады. Әндердің сөзі арнайы экраннан көрсетіледі. Тыңдарман шоудың толыққанды қатысушысы бола алады.
Концертке қазақ эстрадасының танымал тұлғалары қатысады. Олардың арасында жақында ғана "Қайда" әнімен 100 миллион қаралым жинаған Ерке Есмахан да бар. Одан бөлек, Айқын Төлепберген, Нұржан Керменбаев, Raim&Artur, Ерболат Құдайберген және ORDA тобы өнер көрсетеді.
Жоба ұйымдастырушысы – Pantograph продюсерлік орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ақпараттық қолдау - Alash Media Group холдингі.
Концертке қалай билет ұтып алуға болатынын мына сілтемеге өтіп біле аласыз.