- Негізгі бет
- Музыка
- Дженнифер Лопестің көйлегі...
Дженнифер Лопестің көйлегі сиқыр жасады
Фото:
rollingstone.com
Америкалық әнші Дженнифер Лопестің соңғы технологиялар көмегімен жасалған сиқырлы көйлегі ел есінде ұзақ сақталды. Біз ол туралы жазған едік. Джи Ло командасымен бірге жеткен осы жетістігімен тоқтап қалмай, одан әрі еңбектеніп, соңында мынадай таңғажайып жасады. Лас-Вегаста өткен кеште сахнаға көтерілген жұлдыз америкалық әнші Lee Ann Womack-тың "I Hope You Dance" әнін сиқырлы көйлегін киіп орындаған. "Осы әнді айтқанда көзіме жас келеді", – деп мойындаған әнші бұл образымен айрықша сұлу, нәзік көрінеді. Шын мәнінде, бұл – жаңа технологияның жетістігі. Шоу жасаудан алдына жан салмайтын талғамы жоғары жұлдыз бұл жолы да тыңдарман көңілінен шыға білді. Ендеше шоудың үзіндісін тамашалап, ерекше әсерге бөленіңіз.
М. Оңғарова