Дженнифер Лопес сахнаға сиқырлы көйлек киіп шықты

Дженнифер Лопес сахнаға сиқырлы көйлек киіп шықты

Америкалық актриса, әнші, 45 жастағы Дженнифер Лопестің ұзын етекті ақ көйлегі "American Idol" шоуының көрермендерін таң-тамаша етті. Жұлдыз әнді айтып тұрғанда, көйлегі экранға айналып, мультфильмнен үзінді көрсеткен.

Дженнифердің бұл көрінісі нағыз сенсацияға айналды. Етегі 6 метрге жуықтайтын көйлек ерекше сұлулығымен ғана емес, видео көрсетуімен де ерекшеленді. Мұндай идея бұрын-соңды әлемдік жұлдыздардың ешқайсысының ойына келмеген. 

Лопес "Үй" атты анимациялық таспада орындаған "Feel The Light" әнімен сахна төріне көтерілген. Жұлдыздың дизайнері Мэрил Хан америкалық "Hollywood Life" порталына берген сұхбатында: "Бұл идеяның жүзеге асуын ұзақ күттік. Киімге фильм үзіндісін көрсету мүмкіндігін де көптен бері талқыға салып келдік. Өз басым мұндай кереметті бұрын еш жерден көрмеппін" , - дейді. 

Біз де мұндай ғаламатқа алғаш рет куә болып отырмыз! Сиқырлы көйлек Лопесті нағыз ханшайымға айналдырды.

Шоудың жүргізушілері болса, бұдан кейін эфирді жалғастыру қиын болатынын мойындаған. 

Айта кетейік, Дженнифер Лопес аталған жобаның қазылар құрамына кіреді.

Ендеше видеоны тамашалаңыздар!

Сурет: woman.ru

М. Оңғарова