Димаштың туған күні дүркіреп өтті

Димаштың туған күні дүркіреп өтті
Фото: vk.com

Кеше Бейжің қаласында қазақ елінің мақтанышына айналған әлем әншісі Димаш Құдайбергенннің  "Тосын сыйға толы туған күн" атты туған күні өте жоғары дәрежеде өтті.

Туған күн басталмай жатып кешелі бері толассыз құттықтаулар әлемнің әр тарапынан жаңбырша жауды десек болады. Әйгілі француз әншісі Лара Фабиан мен голливуд актрисасы Ева Лонгория видеоқұттықтау жолдады. 

Димаш бұл кеште ерекше стильде киініп, өзін басқа қырынан танытты. Атап айтқанда, жиналған қалың көпшілік оның доп тебу өнеріне тәнті болды. 

Концерт барысында Димаш қытайлық жанкүйерлеріне арнап қытай тілінде өз қолымен жазған хатын оқып берді.

"All by myself"

"Көркемім"

"Battle of Memories"

"Ұмытылмас күн"

Тыңдарман үшін әншінің ән айтқаны қашанда маңызды орында екені анық. Димаш жанкүйерлеріне арнап бірнеше ән шырқап берді. 

Қазақтың киелі топырағынан əлем аспанына жарқырап көтерілген жарық жұлдыздың туған күні ұмытылмас күнге айналады. Себебі, бұл әнші үшін үлкен құрмет, зор мәртебе. Осындай кездесулер мен ыстық ықыластар, жүрекжарды тілектердің баршасы Димашқа шабыт сыйлап, ән аспанында еркін самғауына көмектесері сөзсіз. Лайым солай болсын деп тілейік!

Ж. Жұмағұлов