Psy-дің жаңа клипі интернетті тағы да "жарды"

Psy-дің жаңа клипі (Оңтүстік Кореялық орындаушы және ән авторы) ғаламторды тағы да «жарды». Бар болғаны екі күн ішінде музыкалық композиция шамамен 33 миллион рет көрілген.

Gentleman M/V деп аталатын жаңа клипте Psy жаңа би қимылдарын көрсетіп шыққан. Сондай-ақ, аталған видеода алдыңғы клиптегі кейіпкерлер де кездеседі және жаппай би билеу де сақталған.

writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/ASO_zypdnsQ?hl=ru_RU","width":"450","height":"320"});

Айта кетсек, Psy  лақап атымен өнер көрсететін оңтүстік кореялық репер Пак Чэ Сан әлемге "Gangnam style" әні аясында түсірілген клиптен соң танымал болған еді. Өткен жылдың желтоқсан айының 21-і күні кешкісін аталған бейнебаян YouTube-та көрілген саны бойынша миллиардтық көрсеткішке жетіп, сайт тарихында рекордты орнатқан болатын. Бір ескере кетер жайт, жаңа үлгіде түсірілген клип 2012 жылдың 15 маусымында ғана хостингте пайда болды. Сондай-ақ, клип Гиннестер кітабына да енді.

Қазіргі таңда клип көрілімінің саны бір жарым миллиардтан асады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: mirfactov.com