"Не болғанын білмей қалдым". Толқын Забирова жол апатының мән-жайын айтты

"Не болғанын білмей қалдым". Толқын Забирова жол апатының мән-жайын айтты
Фото: tolkynzabirova

Жақында танымал әнші Толқын Забирова жол апатына ұшыраған еді. Ол оқиға қалай болғанын әңгімелеп берді. Әнші бұл туралы "1001 ТҮН" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

"Орта ұлым Диярым биыл 12-сыныпты бітіріп жатыр. Диплом алатын күні еді. Осы күнге 12 жыл дайындалдық. Сол күнге ортақ боламын деп жоспарлап едім. Әттең, болмай қалдым. Қызыл дипломын алып жатыр, Аллаға шүкір деймін. Қасында болғым келді. Бірақ осындай жағдаймен бола алмадым. "Сазген сазы" фольклорлық-ұлттық этнографиялық ансамблінің шығармашылық кеші болуы керек еді. Ол мереке өтті. Бірақ ол концертке дайындалып, бола алмай қалдым.

(...) Рөлде көлік жүргізушісі отырды, мен артта отырдым. (...) әл-Фараби жолымен келе жатып, Мұстафин көшесіне жетпей, артымыздан бір көлік соқты. Бірақ оның соққанын сезе алмадым, алдында кішкене инерция болды. Соққан кезде бірден есімнен танып, не болғанын білмей қалдым. Бірнеше минуттан кейін өз-өзіме келген соң, ауруханаға апара жатқан жолда есімді жидым, - деді әнші.

Еске салайық, бұған дейін Толқын Забирова жол апатынан кейінгі жағдайын айтқаны хабарланған болатын. 

Ж. Қадыржанова