Иманбек Зейкенов жаңа трек шығарды

Иманбек Зейкенов жаңа трек шығарды
Фото: tntmusic.ru

Қазақстандық диджей, Grammy сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов "Dancing On Dangerous" атты жаңа трек шығарды. Бұл синглді ол танымал Sean Paul және Sofia Reyes-пен бірлесіп жазған екен.

Жаңа тректің үзіндісін танымал музыкант Instagram-парақшасында бөлісті. Тректі Иманбектің YouTube-тегі арнасынан да тыңдауға болады. 

Айта кетсек, жақында Иманбектің SAINt JHN атты рэпердің Roses әніне жазған ремиксі Grammy сыйлығын жеңіп алған еді.

Әлемдік сыйлықты алған қазақ баласын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі құттықтап, шығармашылығына сенім білдірді.

Иманбек Зейкенов – Ақсу-1 темір жол бекетінде жұмыс істеп жүрген жерінен 19 жасынан әлемге танымал болған қазақ жігіті. Америка рэпері Карлос Сент-Джонның "Roses" атты әніне жазған ремиксі әлемдік чарттан бір-ақ шықты. Бұл трек Apple Music-тың ТОП ондығына кіріп, Shazam бағдарламасынан 6,5 млн қаралым, Spotify порталында 4 млн тыңдалым жинаған Яндекс-музыка чартында 5-орын ремикс болды.

Қ. Слямбек