Мадияр Оңалдин жасаған ремикс "Яндекс.Музыкада" топ жарды

Мадияр Оңалдин жасаған ремикс "Яндекс.Музыкада" топ жарды
Фото: tengrinews.kz

"Яндекс.Музыка" стриминг қызметі 2020 жылды қорытындылап, түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздарды жариялады.

Қазақстандық музыкант және музыкалық продюсер Monaldin-нің (Мадияр Оңалдин) танымал әнші K-Maro-ның "Femme Like U" әніне жасаған ремиксі "Жылдың үздік электронды әні" атанды.

Әнші Эмма Питерспен бірге жасалған ремикс әлемдік музыкалық чарттарда озып шығып, биылғы жаздың хитіне айналды. Трек әлемнің Shazam қосымшаларында, жиырма елде бірінші орынға шықты және музыкалық платформаларда миллиондаған адам тыңдаған. 

Өзінің Instagram парақшасында "Femme Like U" Music.Yandex бойынша "Жылдың электронды әні" атанды! Қолдауларыңызға рахмет!", - деп музыкант жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Т. Раушанұлы