The Beatles: Пол Маккартни мен Джон Леннонның балалық шағы өткен үйлер

National Trust британиялық ұйымы The Beatles тобының тыңдарманын іздейді. Нақтырақ айтсақ, олардың балалық шағы өткен мұражай үйлерге гид керек.

"Бұл міндетті соңғы 8 жыл бойы атқарып келген Сильвия Холл 71 жасқа келіп зейнетке шықпақ. Енді оның орнын басар шын жанашырды табу негізгі мақсат болып отыр",- деп хабарлады BBC.

The Beatles тобы әндерінің авторлары шығармашылық жолын дәл осы Ливерпульден бастаған. Маккартни Аллертонда 13 пен 22 жас аралығында, ал Леннон 5 пен 22 жас аралығында Вултонда тұрған. Зерттеушілер атақты топ әндерінің 100 шақтысы осы үйлерде жазылған деседі.

"Мен Маккартни отбасының тарихын өте жақсы білемін. Осы қызметті атқарған 8 жыл ішінде мен көптеген зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Бұл жолда Майк Маккартнидің [Полдың бауыры] көмегі зор болды", -дейді  Сильвия Холл.

Естеріңізге сала кетейік, музыканттарға қонаққа Дебби Харри, Джеймс Тейлор мен Джексон Браун сынды таланттар қонаққа келіп тұрған.