18 жастағы Билли Айлиш "Грэмми" сыйлығын иеленді

Лос-Анджелесте "Грэмми" музыка сыйлығының 62-ші марапаттау рәсімі өтті. 18 жастағы Билли Айлиш 4 номинация бойынша жеңімпаз атанды.

Оның "Bad guy" әні "Үздік ән" номинациясын иеленді. Онымен бірге бұл номинацияға Лиззоның "Truth Hurts", Леди Гаганың "Always Remember Us This Way", Таня Такердің "Bring My Flowers Now", H.E.R. орындайтын "Hard Place", Тейлор Суифттің "Lover", Лана Дель Рейдің "Norman F***ing Rockwell" және Льюис Капальдидің "Someone You Loved" әні таласты. "Bad guy" әні "Жыл таспасы" номинациясында да жеңіске жетті.

Бұдан бөлек, Айлиш "Үздік жаңа орындаушы" категориясында жеңіске жетіп, оның "When We All Fall Asleep, Where Do We Go?" альбомы үздік альбом атанды. Бұл номинацияға үміткер болғандардың тізімі мынадай:

I, i — Bon Iver
Norman F***ing Rockwell — Лана Дель Рей
Thank U, Next — Ариана Гранде
I Used to Know Her — H.E.R.
7 — Lil Nas X
Cuz I Love You — Lizzo
Father of the Bride — Vampire Weekend

Сондай-ақ, Айлиш "Үздік вокалдық поп-альбом" номинациясын да жеңіп алды. Мұнда ол Бейонсе, Ариана Гранде, Эд Ширан, Тейлор Суифтті қапы қалдырды.

Билли Айлиш тек "Үздік жеке поп-орындау" номинациясында ғана ала алмады. Оның лауреаты Lizzo атанды. Бұл номинацияға Бейонсе, Ариана Гранде мен Тейлор Суифт үміткер болды.