2017 жылдың үздік 50 әні

2017 жылдың үздік 50 әні
Фото: vk.com

Музыка өнері саласындағы ең беделді  Rolling Stone журналы 2017 жылдың үздік 50 әнін анықтады. Бұл рейтинг те ықпалдылығы жағынан қаржы саласындағы Forbes журналы рейтингтерінен кем түспейді.

Сонымен, үздік әндер рейтингін актер әрі әнші Гарри Стайлзтың Sign of the Times әні бастап тұр. Одан кейін Кендрик Ламар (Humble), Карди Би (Bodak Yellow) мен U2 (Lights of Home) тобы орналасқан.

Алтыншы сатыда Migos тобы мен Lil Uzi Vert орындауындағы Bad and Boujee әні тұр. Ондыққа енгендер қатарында Despacito трегімен Луис Фонси, The Man (Feel It Still), Лана Дель Рей мен The Weeknd (Lust for Life) және  Future (Mask Off) лақап атымен танымал рэпер де бар.

А. Оралқызы