Димаштың «Бастау» концерті Қытай елінде жалғасын табады

Желтоқсан айында Қытайдың Гуанчжоу қаласында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді. Оған әншінің Қазақстандағы, оның ішінде Ақтөбедегі фанаттары да баруы мүмкін. Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлады. 

Димаштың анасы Светлана Айтбаеваның айтуынша, желтоқсан айының ортасында Гуаньчжоу қаласында Димаштың «Бастау» атты үлкен жеке концерті өтеді.

«Гуаньчжоудағы концерттен кейін Димаш Лос-Анджелесте стажировкадан өтуі керек. Баланың оқуды сәтті аяқтап, диплом алғанын күтіп жүрміз. Сондықтан әзірге өзге концерттермен Димаштың көңілін алаңдатқымыз келмейді», — деді Светлана Айтбаева.

Әншінің Мира есімді ақтөбелік жанкүйерінің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстандағы барлық фан-қозғалыстар Қытайға барып-қайтуды ойластырып жатыр.